Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте зейнеткер әйелді ит талап өлтірді

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2016
  • 1449

Шымкентте қабаған ит бір адамның ажалына себепкер болды. «Оңтүстік» шағын ауданында 63 жастағы зейнеткерді ит талап өлтірді. Қайғылы жағдай жұма күні түнгі уақытта болған. Белгілі болғанындай, бақилық болған әйел сол күні, әдеттегідей, қарт әкесінің хал-жағдайын сұрауға барады. Қайғылы оқиға сол кезде болған. Мәлім болғанындай, жапсарлас салынған екі үйдің ортасында қоршау болмаған. Марқұмның күйеуі Павел Чмихуннің айтуынша, «ротвейлер» тұқымды ит ылғи бос жүреді екен.

Павел Чмихун, марқұмның күйеуі:

Ескерткенбіз, мұндай итті торда байлап ұстау керек деп, ақыры, міне. Қызым хабар бере салып жеткеніммен, жүріп кеткен екен. Қолдарын, бетін тістелеп тастаған, өте қорқынышты.

Қазір аудандық полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу ісімен айналысып жатқан Ішкі істер қызметі өкілдерінің айтуынша, азаматша қансырап өлген болуы мүмкін. Ал адамды талап өлтірген ит сараптамаға жіберілген.

Асқар Манапов, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық  жергілікті полиция қызметі бөлімше бастығының орынбасары:

Ит иесінің қазіргі таңда жауаптары алынып, оның кінәлі, кінәлі еместігін анықталуда. Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 408 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған шара көріледі.
 
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ