Шымкентте белгісіз ер адам көпшіліктің көз алдында жоғарғы қабаттан құлап мерт болды. Қаладағы ірі сауда орталығының үшінші қабатына шыққан ол төменгі қабаттағы мұз айдына құлаған. Ғаламторға тараған мына бейнекадрден ер адамның мұз үстінде жатқанын көруге болады. Оқыс жағдай кеше түнгі сағат ондар шамасында орын алды. Бұл кезде ойын-сауық орталығы жұмыс істеп тұрған. Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері өз өзін жоғарыдан лақтырған 42 жастағы азаматтың Атырау тұрғыны екенін анықтады. Жедел жәрдем қызметінің мамандары ауруханаға жеткізгенмен ол есін жимаған күйі көз жұмды,- деп мәлімдеді ішкі істер департаментінің өкілі. Қазір осы оқиғаға байланысты «Өз өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Оны куәгерлер бар көрген. Өз өзін үшінші қабаттан лақтырғаны бойынша.Бірақ соған не алып келгені , қандай себеп айдап алып келгенін полиция қызметкерлері тергеу барысында анықтайды.
А.ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ