Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда мектеп оқушылары жаппай ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2015
  • 924

Оралда балалардың жаппай улану оқиғасы тіркелді. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқитын 63 оқушы бір мезетте өздерін жайсыз сезінген. Олар түгелдей емдеу мекемесіне жеткізіліп, 50 бала ауруханаға жатқызылды. Өзгелері үйіне қайтарылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, оқушылар астан улануы мүмкін. Балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізген дәрігерлер мектептің өзге оқушыларын да тексеруден өткізуде. Мамандардың сөзінше, өздерін жайсыз сезінгендердің дені 5-6 сынып оқушылары. Оқыс оқиғаға не себеп болғанын дәрігерлер арнайы тексеру қорытындысынан соң жарияламақ. Ол бір аптаға созылады,-дейді мамандар. Қазір мектеп асханасын тексеру басталып кетті.

Сергей Щербин  БҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Оқушылар бұқтырылған еттен дайындалған тамақтан ұшынуы мүмкін. Мектепте 953 оқушы білім алады, ауырғандар тек интернатта жататын балалар екендігі анықталды. Осыдан кейін бар гәп тағамда болуы мүмкін деп отырмыз

 Е.КАРИН