«Орта Азия елдерінде қалыптасқан ортақ
ислами құндылықтар қайтарылуы тиіс. Аймақтағы мұсылмандардың күші бір арнаға
тоғысып, қоғамның тыныштығы мен бірлігі жолында бірлесе жұмыс істеу қажет». Алматыда
ашылған ғұламалардың бірінші форумында осындай пікір айтылды. Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасы мұрындық болған шара Исламды қаралау, терроризмді
ата дінімізбен байланыстыру сияқты көзқарастарға жауап қатуды көздейді. Теолог
ғалымдар, Орта Азия мемлекеттерінің Бас мүфтилері бірігіп қабылдаған қарарға
жүгінсе, діни экстремизм ислам қағидаттарына кереғар,адамның өзін-өзі өлтіруіне
тиым салынғаны туралы Құранда жазылған. Жиынға қатысушылар Сириядағы
қақтығыстарды, діннің атын жамылып озбырлыққа барған саяси мүдде жолындағыларды
айыптайды. Қақтығыстардың жаңғырығы Орта Азия елдеріне де естіле бастады. Ресми
емес деректер бойынша қазір ТМД мемлекеттерінен шыққан 7 мыңдай адам Таяу
Шығыстағы қақтығыстардың ортасында жүр.: }
Ержан Қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
Бізде Кеңес үкіметіне дейін Орта Азиялық
мектеп болатын. Бүгінгі таңда біз содан айырылып қалдық. Жастарымыз жан-жақтан
оқып келді де, сол оқып келген өңірдің, діни мектебін кіргізуге тырысады. Ал
көнеден ата-бабамыздан келе жатқан Орта Азиялық мектебіміз мынау өзбекке де,
қырғызға да, тәжікке де қазаққа да ортақ.
Р.АСҚАРБЕКҰЛЫ