Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұқсастық түрімізде ғана болмаса...

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2015
  • 1794
Осы айда Ресей президенті елімізге мемлекеттік сапар жасағанында Қазақстанда тұңғыш атом электр станциясын саламыз дегенді айтқан. Сөзбе-сөз келтірсек –Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясын салуға дайындалып жатырмыз - деген. Бұл мәлімдеменің «Шешім қабылданып қойған екен ғой» деген ойға жетелеуі заңдылық. Бірақ бір кілтипан бары сезілген. Себебі ондай уағдаластықтың барын орыстардың басшысынан басқа ешкім айтпаған-ды.

Сонымен еліміз АЭС салу мәселесін жапондармен де жалғастырып жатқанын білдік. Осы аптада Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Астанаға келген, сол сапар барысында.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

Қазақстанда салынатын АЭС құрылысына байланысты айтарым, оны жүзеге асыруға  біз үн қосамыз. Оған келістік. Сонымен бірге өнеркәсіп салалары үшін жоғары білікті мамандар дайындау мен медицинадағы диагностикада жапон жүйесін енгізу бойынша ынтымақтаса жұмыс істейміз.

Орыстардың «Росатом» компаниясына жапонның «Toshiba» компаниясының бәсекелесуі шын мәнінде жақсы. Жапондар бізге қуаты 1 гигаватт реакторды 3,7 миллиард долларға салып беруді ұсынады. Құрылысын 2018 жылы бастап, 2030 жылы аяқтауды, алғашқы энергияны 2023-2024 жылдары алуды көздейтін жоба. Кейбір басылымдардың жазуына қарағанда, жапондар станцияға керекті құрал-жабдықтарға орай қазақстан үкіметімен келісімдерді бастап жатқанға  ұқсайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстан мен Жапония бір-біріне алыс болғанымен, жақын достар. Бұл шынайы сезім. Астана мен Токио әр кез сенімді серіктес. Біз бір-бірімізді әрдайым қолдаймыз. Біздің ортақ қырымыз көп. Біз ядролық қарусыздану, таратпау, сондай-ақ, атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде одақтаспыз. 

Саясаткердің «шынайы сезім» туралы сөздері расында кіршіксіз болуы керек, орыстар біздің АЭС-ті жапондарға салғызуымыз мүмкін екенін  мойындайды – себебі «Росатом» басшысы Сергей Кириенко реактордың құрылысын 5 миллиард долларға бағалаған. Салыстырып қараңыз – жаңа айттық, жапондар 3,7 миллиард долларды айтады, ал Мәскеу бағасы 5 миллиард доллар. Олар әрине, әдеттегідей «аға» деп ашық айтпаса да, «геосаясат» тұрғысынан «ойлауымызды» ашық ишаралар. Бірақ «Ақ Орданың» көпбағытты сыртқы саясат туралы ұстанымына кіреуке түспесе,  жапондарды таңдайтын шығар.

Айтып кететін тағы бір мәселе – жапондардың JOGMEC компаниясымен бірігіп, Қарағанды және Қостанай облыстарында сирек кездесетін металлдарды барлау жобасы басталып, Toyota Мotor компаниясының басқа да автомобильдерін құрастыру, Shimadzu компаниясымен медициналық қондырғылар шығару бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

Құрметті Президент, мен Сізді Жапония азаматтары Қазақстанда екінші Отанында жүргендей сезінуіне және бизнестерін ұзақ мерзімде дамытулары үшін ықпалдасуыңызды өтінемін.

ҚЫСТЫРМА – Н.НАЗАРБАЕВ: - Все японские гости здесь, как дома. Попробуйте отличить, где казах, а где японец

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстан экономикасын жекешелендіріп жатыр. Жекешелендірудің өте ауқымды екінші кезеңі жүргізілмек. Экономикадағы негізгі активтер сатылмақ. Тізімде тау-кен, мұнай өндіру, транспорт, байланыс және инфрақұрылымдық нысандар бар. Осы жекешелендіруге Сіздердің қатысуларыңыз мемлекетаралық ынтымақтастығымызды нығайтуға тамаша мүмкіндік берер еді.

Ал қазір шығыстанушыларды сөйлетеміз. Мынадай детальдарға тоқталған:

Шынар Сауданбекова , шығыстанушы:

Бастаған ісін аяқтамай қоймайды бізде көбінесе кейінге шегеріп  қою  көбірек сияқты мысалы жапон халқы сағатқа,  уақытқа байланған. Мысалы бізде жиналыс кешігіп басталып, оның аяқталатын уақыты созылып кетіп жатады. Олардың халқы  9 –да жиын басталады деді ма, уақытында басталып,  арасындағы үзіліс 11.05 минут пен 11. 10 минут аралығында болады. 1 минут уақытын бос жібермеуге тырысады. Үнемшіл жапондықтарды көрмеппін. Олар өздеріне пайда әкелетін нәрсені көрсе одан аянбайды. Мысалы жапон үкіметі білім -ғылым жолына ешқандай аямайды, басты инвестициясы осы білім – ғылым.

 

Жанар Ашынова, Жапонияның ішкі және сыртқы саясатын зерттеуші:

Қазақстан үшін Жапония барлық жағынан тиімді. Жапон менеджментін  үрйнереміз көп.  Этикасы  жағанын үйренеріміз көп. Қазақстан эконмикасына енгізетін болса үлкен жетістікке жетеміз транснационалды компаниялар экономикамызға тек инвестиция емес,  өздерінің тәжріибесін енгізетін болса, тиімді болар еді. Қазіргі кезде жапондық менеджмент деген  бекерден бекер шықпаған және оны біздің елімізде, Ресей, Еуропадағы зерттеп келген ғалымдар оның сыры  жапондықтардың жұмысқа деген қарым-қатынасы өзара қарым-қатынас, жұмысқа деген көзқарасының өзгешелігінде.

Бүгін жаңа «Азаматтық процестік кодекс» күшіне енді. Бұған тоқталып тұрғанымыз, құжатқа Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақ Ордада алғаш рет жария түрде қол қойды. Президент бұған себеп, «кодекстің қазақстан халқы үшін аса маңыздылығында» деп түсіндірді.  Жаңартылған кодекс  құқық саласын түбегейлі жақсартуға септеспек. Атап айтсақ, азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотқа прокурордың қатысуы азаяды. Соттардың қарауындағы істер оңтайландырылады. -Ең бастысы,  азаматтардың сотқа деген сенімі арта түседі, дейді Президент.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біріншіден, Қазақстан жаңа жылдан бастап 5 буынды сот жүйесінен 3 буынды сот жүйесіне көшетін болады. Екіншіден, инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібі енгізіледі. Сол арқылы елімізде жаңа жағдайда экономикалық даму үшін маңызды рөл атқаратын инвестициялық тартымдылығы арта түседі. Үшіншіден, азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Соттың атқарып жатқан жұмысы барлық ел үшін жариялы болады. Бұл жағдай сот жұмысының анықтылығын айтарлықтай жақсартады. Төртіншіден, татуластыру және сотқа дейінгі реттеу шарасының қолданылу аясы кеңейеді. Татуласу шарасын кеңінен қолдану сот жүйесіне жүктемені азайтатын болады. Ең бастысы, дауды шешу мерзімі қысқарады.

 Ж.СЛАМБЕК