Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да мектеп директорларының бірі педофил деген күдікке ілікті

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2015
  • 1728

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы мектеп директорларының бірі педофил деген күдікке ілінді. Бірнеше ата-ана облыстық прокуратураға оның үстінен шағымданған. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне құзырлы орган өкілдері айтты. Тергеу құпияларына орай, зардап шеккен балалар туралы дерек пен мектеп директорының есімі жарияланбады. Белгілісі оның жасы 40-тар шамасында. Зырянға осыдан екі жыл бұрын басқа облыстан көшіп келіп, мектепке директор болып тағайындалған. Қазір облыс орталығынан білім ошағына арнаулы топ жіберілді. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.

Рүстем Шідердинов, ШҚО Прокуратурасының басқарма басшысы:

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Директор қызметінен шеттетілді. Яғни, ол қазір жұмыс орнында жоқ.

Шығыс Қазақстанда педагогтардың қатысуымен жасөспірімдерге қатысты қылмыс бұған дейін де тіркелген. 2008 жылы Күршім ауданына қарасты Қаратоғай ауылында тарих пәнінің мұғалімі 11 жасар қызды зорлағаны үшін жазасын алды. Кейін  педофилдің бұған дейін де кәмелетке толмағандарға қатысты қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырып шыққаны анықталды. 

 А.МҰХИТОВА