Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада кәсіпкерді атып өлтірмек болды деген күдікке ілінген үш адам сот алдында соңғы сөзін айтты

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2015
  • 1131

Астанада кәсіпкерді атып өлтірмек болды деген күдікке ілінген үш адам бүгін сот алдында соңғы сөзін айтты. Олар кәсіпкер Олжас Мұқажановқа оқ атқанын мойындады. Алайда, өлтіру үшін емес, қорқытпақ болып қару кезендік деп ақталуда. Прокурорлар күдіктілердің кішкентай балалары барын ескеріп, қылмыстық іс бойынша соттан 45 жыл жаза сұрады. Яғни олардың дүние-мүлкін тәркілеп әрқайсысына 15 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін деп ұсыныс тастады. Еске салсақ, 36 жастағы кәсіпкер Олжас Мұқажановты «Бәйтеректің» түбінде әлдекімдер атып кеткен болатын. Оны өлтіруге тапсырыс беруші ретінде бала кездегі досы әрі бизнестегі серіктесі Ерлан Анарбек күдікті деп танылды. Ол қазір халықаралық іздеуде.

 Б.ХАСЕНОВ