Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания азаматы Барох Питер екі айға қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1242

Ұлыбритания азаматы Барох Питер екі айға қамауға алынды. Орал қалалық соты істі қайта қарап, оны қамауға алуға рұқсат берген. Естеріңізге салайық, Барох Питер Қылмыстық кодекстің 124 - бабы бойынша «Кәмелет жасына толмағандарды азғырғаны үшін» айыпталуда. Егер кінәсі дәлелденсе, шетелдік азамат 9 жылға сотталуы мүмкін.

Қазір Барох Питер уақытша ұстау абақтысында. Осыған дейін хабарлағанымыздай, британдық азамат арсыз әрекеттерге барған. Жасөспірімдерді шешіндіріп, жалаңаш денесін фото-бейнетаспаға түсіріп алған. Әрі бұл қызметі үшін қыз балаларға ақы төлепті.

Оның кішкентай қыздарға құмарлығын әшкерелейтін айғақ зат полицияның қолына түскен. Оған порнографиялық сипаттағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін айып тағылғанымен, сот мұны теріске шығарды. Бұған ашынған оралдықтар әлеуметтік желі арқылы қол жинап, петиция таратты. Осыдан кейін ғана іс қайта қолға алынды. 


Еркін ҚАРИН