Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы «Юпитер» базарында орын алған өрт себебі анықталды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1247

Алматыдағы «Юпитер» базарында өткен аптада орын алған өрттің себебі нақты анықталған жоқ. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан баспасөз мәлімдесінде тек алдын ала тексерулер қорытындылары жарияланған.

Пластикалық материалмен қапталған бутиктің бірінде электр сымының тұйықталуынан ұшқын шыққан деген болжам басым. Сондай-ақ, министрлік өкілдері аталған базарды күзететін «Орбита» күзет агенттігінің қызметкерлері салғырттыққа жол берген деп есептейді. Ішкі қауіпсіздік қызметкерлері 17 минут бойы жалынды өз күштерімен ауыздықтауға тырысқан. Бұл сол маңдағы бейнебақылау камераларының біріне жазылыпты.

Айта кетейік, 4-ші ақпан күні түнде «барахолкадағы» «Юпитер» базарынан өрт шығып, 400 шаршы метр аумақтағы 20 сауда нүктесі жанып кеткен болатын. Өткен жарты жылдықта Алматының «барахолка» базарлар кешенінен шыққан өрт оқиғаларының саны осымен 6-ға жетті. 


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ