Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жол сақшысы адам қағып кетті

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 1460

Астанада жол сақшысы бір азаматты жазым ете жаздады. Жарақат алған жігіттің туған-туыстары осылай деп отыр. Қазір Қосшы елді мекенінің тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, жол полицейі қансырап жатқан жігітті құтқардым, ауруханаға апардым деп ақталуда.

Жерде қимылсыз жатқан Алмазды көрген досы жедел куәгерлерді жинай бастайды. Тіпті, қарсы келе жатқан көліктің бейнетіркеуіші апатты жазып алған көрінеді. Алайда сол түні апатқа жол сақшысы кінәлі деп тұрған куәгерлер ертесіне бұл түсінігінен айнып қалады. Көлік иесі де бейненің өшіп қалғанын айтқан. Жарақат алған Жүсіпбаев Алмаз болса, әлі тілге келмепті. Туыстары оның омыртқасы сынып, аяғы жансызданып қалғанын айтады. Ал жол полицейі апатқа қатысым жоқ деп ат тонын ала қашты. Тіпті, сақшы сол күні-ақ зардап шеккен жігіттен қолхат алған көрінеді.

Базаркүл Құрманбаева, Алмаз Жүсіпбаевтің апасы:

Реанимацияда жатқан баладан какой может быть заявление алуға. Тілге келмей жатқан баладан. Ол не жазғанын қайдан білеміз. Біздің өзімізді кіргізбей жатқанда ол барып заявление алыпты. Кім біледі ол не алғанын
.

Азат
Хамзин, Жол полициясы инспекторы:

Человек был пьяный, мы его доставили в больницу.
В первую городскую. Я незнаю, он лежал на дороге, когда мы подъехали.

Әлия ӘШІМ