Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың арнайы қызметі Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредерді аңдыған

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 1330

Америка арнайы қызметі Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредерді аңдыған. Бұл жайында «The Guardian» неміс басылымдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік агенттігі 2002 жылы Шредер жайында мәліметтерді жинап, оның ізіне түскен. Осы жылдары Германия құрама штаттардың Иракқа әскери күш көрсетуіне қарсы шыққан болатын. Экс-канцлердің өзі бұған еш таңданбайтынын жеткізді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ-тың Қауіпсіздік агенттігі Германия канцлері Ангела Меркельдің және басқа да бірқатар әлемдік көш басшылардың телефондарын жасырын тыңдады деген ақпар тараған. Мұндай мәлімдемені тілшілерге экс-агент Эдвард Сноуден жасады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА