Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бірнеше банк жабылады», - деп елді дүрліктірген азамат «Центр кредит банкінде» қызмет еткен

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 1097

«Бірнеше банк жабылады», - деп елді дүрліктірген азамат «Центр кредит банкінде» қызмет еткен. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Владислав Ли мәлімдеді. Айтуынша, СМС хабарлама таратқан Дархан Сәбденов өткен жылдың басында сынақ мерзімі бойынша бір айдан астам уақыт қызмет етеді. Банктің Алматы филиалына қарасты несиелерді қадағалау орталығының маманы болған. Алайда өз міндеттерін орындамай, жұмыс тәртібіне селқос қарапты. Десе де, қызметінен өз еркімен кетеді. Енді «Центр Кредит Банкінің» басшылығы моральдық және материалдық шығын өндіруді көздеп отыр. Дархан Әбденовке қатысты «Алдау және сенімді ақтамау салдарынан біреудің мүлкіне зиян келтіру» фактісі бойынша іс қозғалды.


Владислав Ли, «Центр Кредит Банкінің» басқарма төрағасы:


Бұл барып тұрған бассыздық. Ондай азаматтар еліміздегі қаржы тұрақтылығы мен халықтың банктерге деген сенімін сейілтеді. Ол бізде қызмет етті. Бірақ өз міндеттерін толық орындай алмады. Сынақ мерзімі аяқталмай қызметінен өз еркімен кетті.


Досжан МАРАТҰЛЫ