Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев: «Астана-Бурабай» автобан төлемдері биыл 1 млрд теңгеден асады

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1201

Биыл «Астана-Бурабай» автобанынан мемлекет қазынасына түсетін алымдар көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев осындай мәліметті жариялады.

«2014 жылы аталған учаскеден 1 миллиард теңгеден астам алым-салық жинап, жолды күту шығындарын толық жабамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді ол ведомствоның алқа жиынында.

Министрдің айтуынша, ақылы жол енгізілген күннен бастап 8 ай ішінде 500 млн теңгеге жуық қаражат жиналған.

Айта кетейік, өткен жылдың мамыр айынан бастап «Астана-Бурабай» автобанымен қатынауға ақылы жүйе енгізілген. Жүргізушілер алты жолақты автобанның әр шақырымына 1 теңге төлейді. Ал, қоғамдық көліктер мен жүк көлігінен 5-тен 20 теңгеге дейін ақы алынады.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА