Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте демалыс күндері қардың айлық мөлшері түсті

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1303

Демалыс күндері Оңтүстік Қазақстанда жолда қалып қойған 400-ден астам жолаушысы бар елу шақты автокөлік қар құрсауынан құтқарылды. Ақ түтек боран Бәйдібек пен Түлкібас аудандарына қарасты асуларда жағдайды қиындатып жіберді.

Бұдан бөлек, Сайрам ауданы аумағында да біраз көлік жолда қалған. Арасында Алматы мен Астананы бетке алған қалааралық автобустар бар. Асуда кептеліп қалған автобус пен жеңіл көліктердің 100-ден аса жолаушысы сол маңдағы елді мекендегі мектепке жайғастырылды. Оларға ыстық тамақ пен шәй ұйымдастырылды.

«Қазақавтодор» мекемесі, жол-патрульдік полициясы мен төтенше жағдайлар қызметкерлері көмекке жұмылдырылды. Бүгін жол біршама ретке келген. Республикалық және облыстық маңызды бар жолдардағы асулар ашық. Дегенмен, алыс жолға шығуға шектеу қойылды, деп хабарлады құтқарушылар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ