Русский Сайттың толық нұсқасы

Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының лицензиялары кері қайтарылады

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1208

Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының лицензиялары кері қайтарылады. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ведомстводағы білім сапасын анықтайтын басқарманың басшылығы ауысқанын хабарлады. Бүгінгі күннің өзінде сапалы білім беруге құлықсыз бірқатар оқу ордалары жабылды.


Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:


Білім беру сапасын анықтайтын басқарманың басшылығы ауысты. Біз жоғары оқу орындарын қатаң бақылауда ұстаймыз. Бүгінде бірнеше оқу мекемесінің лицензиясы кері қайтарылды. Тағы алтауының істері сотта қарастырылып жатыр.


Сондай-ақ министр сырттай оқыту жүйесі  толықтай жабылады деген мәлімдемені жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұндай қауесет әңгімені  телеарналардың бірі  ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін таратқан. Аслан Сәрінжіпов,  керісінше, жұмыс істеп жүрген жастарды жоғары білім алуға көптеп шақырамыз деп отыр. Бүгінде  520 мың студенттің 150 мыңға жуығы сырттай білім алуда. Сұраныс әсіресе педагогикалық мамандықтарға артып отыр дейді. 35 мың гранттың  1 мыңға жуығы сол себептен де осы салаға  бөлінген.  Алайда сырттай білім беруді табыс көзіне айналдырған жоғары оқу орындарының бары жасырын емес. "Жалған диплом сатып жүргендерге қатысты ведомство қол қусырып қарап отырмайды", - деді министр.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА