Русский Сайттың толық нұсқасы

Семей тұрғындары жылу үшін 500 миллион теңге қарыз

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1013

Семейде қарызын төлеуден жалтарып келгендерден борышты өндіріп алу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Жергілікті билік өкілдері қыс ортасында қала тұрғындарының тоңып отыруына кәсіпкерлік нысандар себеп дейді. Тұрғындар жылу үшін 500 миллион теңге қарыз. Борышкерлердің басым бөлігін жеке кәсіпкерлер құрап отыр. Техникалық қызмет көрсету стансасы, монша, шаштараз бен дүкендер - заңды түрде тілкелмеген. Сондықтан олардың шаршы метрін анықтап, жылу үшін қосымша қаражат төлету мүмкін болмай отыр.


Айбек Кәрімов, Семей қаласының әкімі:


Мен нақты мекен - жайына дейін айтып бере аламын. Жеке меншік нысандар қақпаларын бекітіп алып, жылу инспекторларын жолатпайды. Өздеріне қуаты жоғары жылыту құрылғыларын қойып алған. Жылудың көбі соларға бөлініп, көпқабатты үйлерге жетпей қалады.


Қанат ОРАЛБЕК