Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды сәулет-құрылыс департаментінің бас маманы парамен ұсталды

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 975

Жылдарға жалғасқан жемқорлық! Қарағанды сәулет- құрылыс департаментінің бас маманы Қылмыстық кодекстің бақандай 25 бабы бойынша айыпталып отыр. Бұл туралы облыстық қаржы полициясы мәлімдеді. Ерсін Тоқмурзин кезекті пара алу сәтінде ұсталған.

Белгілі болғаны, күдікті парақорлық әрекетке әбден машықтанып алыпты. "Алаяқтық, пара алуға талпыну, заңсыз жолмен келген қаражатты заңдастыру және кәсіпкерлікпен айналысу үшін мәжбүрлік" баптары бойынша 25 факті анықталды. Оның барлығы жасырын камераға түсіп қалған.

Тергеушілердің айтуынша, Тоқмурзин пара арқылы қалтасына қаражат басып, оны өзінің жеке шаруашылығына жұмсап отырған. Бес баланың әкесі отбасылық жағдайына қарамастан жазадан қашып құтыла алмады. Қамауға алынған Ерсін Тоқмурзин 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Гүлжан Сүлейменова, Қарағанды облысы ЭҚСЖҚК  департаментінің баспасөз хатшысы:


Тоқмурзин өткен жылдың қыркүйек, қазан аралығында жеке кәсіпкерлерден жалпы соммасы 41 мың АҚШ доллары көлемінде ақша талап еткен. Көрсетілген сомадан Тоқмурзин 2 миллион 108 мың тг алған. Тексеру қорытындысын шығарып, құрылыс монтаж жұмысына лицензия беру мәселесін шешпек болған.


Сымбат МОЛДАТАЙ