Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттің темір жол вокзалына бомба қойылды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 1862

Шымкенттің темір жол вокзалына бомба қойылды. Кеше түс ауа жедел желіге белгісіз бір азамат осылай деп қоңырау шалған. Салдарынан жолаушылар ғана емес, пойыздарды да бөгеуге тура келді.

Ештеңе деген жоқ. Шығыңдар, шығыңдар деді. Сумканы көтеріп, шығып кеттік. Төрт жарымда шықтық. Қазір жеті болып жатыр ғой.

Жаурап тұрмыз сыртта. Соның бір жауабын берсе болар еді ертерек. Кете алсақ кетейік, кете алмасақ үйге қайтайық.

Жарылғыш зат қалдырылды деген суыт хабар түсісімен құзырлы орын өкілдері бүкіл жолаушыны сыртқа шығарған. Тәртіп сақшылары вокзалды қоршауға алды. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін сағат төрт жарымнан бастап бір шақырымдай аумаққа дейін жолдар жабылды.

Бұдан бөлек, барлық бағыттағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Ал мыңдаған жолаушы екі сағаттан астам уақыт сарышұнақ аязда сыртта тосуға мәжбүр болды. Оқиға орнында саперлар мен тәртіп сақшылары иіс сезгіш иттің көмегімен іздеу шараларын жүргізді. Екі жарым сағатқа жуық уақыттан соң ғана құзырлы орган өкілдерін аяғынан тік тұрғызған хабарлама жалған екені мәлім болды. Салдарынан Сарыағаш-Астана және Шымкент-Алматы бағытындағы жүрдек пойыздар кестеден кешігіп жолға шықты.

Сәбит Бақтығалиев, Шымкент стансасындағы Желілік ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің штаб бастығы:

Толық саперлармен қаралып шықты. Ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ. Қазіргі таңда хабарлап, мәлімет берген азаматты ұстау мақсатында жедел шаралар атқарылып жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ