Русский Сайттың толық нұсқасы

Аргентинадағы Shell мұнай-газ компаниясы төңірегінде дау шығатын түрі бар

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 1929

Аргентина үкіметі халықаралық Shell мұнай-газ компаниясына ел экономикасына зиян келтірді деген айып тағып отыр. Өйткені, аталмыш компания өндірген жанар-жағармайының бағасын 12%-ға өсіріп жіберген. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат көздері ел премьер-министрі Хорхе Капитаничке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкімет басшысы компания елді қаржылық дағдарыс жайлағанын біле тұра, өнімнің бағасын қасақана көтеріп, өз пайдасын күйттеп отыр деп айыптайды. Оның сөзіне қарағанда, Shell үнемі ел тұтынушыларының мүддесіне қарама-қайшы әрекет етеді. Бұл жолы да бағаны көтеруге негіз болмаған. Аргентинаның ұлттық валютасы қаңтар айында долларға қатысты 20%-ға құнсызданып кеткен болатын. Ал компания өкілдері, өз кезегінде бағаның өсуін шикізаттың қымбаттауымен байланыстырады.

Айта өтейік, Shell компаниясы Қазақстандағы Қашаған мұнай кен орнының да үлескері.

Айгүл ӘДЕПБАЙ