Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды: «Бесоба»-ны салуда кемшілікке жол берген 4 экс-шенеунік 230 млн теңге төлемек

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 870

Қарағандының бірқатар экс-шенділері мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыруға міндеттелді. Сот осындай шешім шығарды. Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы «Бесоба» тұрғын кешенін салуда кемшілікке жол берген төрт экс-шенеунік 230 млн теңге төлеуі тиіс.

Апелляциялық алқа төрағасы Қайрат Айтжановтың айтуынша, бұл адамдар қабылдау комиссияларының төрағалары, не орынбасарлары бола тұрып, өз міндеттерін дұрыс орындамаған. Толық тексерілмеген және дайын емес нысанды қабылдаған.

Айта кетейік, 2012 жылы 1-сәуірде «Бесоба» кешеніндегі тұрғын үйдің іргетасынан саңылау пайда болады. 2-сәуір күні тұрғындар шұғыл тәртіпте эвакуацияланған. 6 сәуір күні үйдің 5-8 подъездері қирады. Бірнеше пәтердің тұрғыны баспанасыз қалған еді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА