Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда газ құны күрт қымбаттамайды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 1255

Қазақстанда газ қоры 7 трлн текше метрден асады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Геологиялық газ ресурстары Каспий шельфіндегі жаңа кен орындарын есепке алғанда осынша мөлшерді құрайды. Теңіз, Қарашығанақ пен Қашағандағы қор елдегі барлық қор көлемінің 75%-на тең.

Ал газдың бағасы отандық тұтынушылар үшін күрт қымбаттамайды. Бұл жайлы премьер-министр Серік Ахметов мәлімдеді. Жиында табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат Оспанов жаңа тарифтерді мамыр айынан бастап қолданудың көзделгенін айтқан. «Тұтынушыларға белгіленетін бағаны агенттік мемлекеттік органдармен бірігіп, саралауды қолдану әзірлемесін аяқтап келеді. Әр аймаққа қатысты түпкілікті баға 1-мамырға дейін айқындалады», - деді төраға. Ал, премьер бұл мәселеге орай тарифтерді экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бекітілген дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік бар, дегенді айтты.

Серік
Ахметов, Қазақстан Песпубликасының премьер-министрі:

Бүгін тұтас алғанда мақұлдаймыз, бірақ түпкілікті баға осы айдың ішінде белгілі болып қалар, ол аздап артуы, не азаюы ықтимал, бірақ тым күрт қымбаттамайды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА