Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде еріктілер түйеқұстарды жылы киіндірді

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 1123

Шығыс Қазақстанда тон киген лама пайда болды. 40 градустық сарышұнақ аязда жан-жануарлар үсіп қалмау үшін хайуанаттар бағының қожайындары оларды жылы киіндіріп жатыр. Қора-жайлары жылытылып, азық көлемі де ұлғайтылды. Жылы жақта мекендейтін лама үскіріктен аман шықсын деген мамандар арнайы пальто тіккен.

Қатты аязға экзотикалық құстар да шыдас берер емес. Жылыны сүйетін түйеқұстар 40 градустық аязда тіпті далаға шығуды қойған. Сондықтан, хайуанаттар бағы уақытша жұмысын тоқтатып, барлық жануарлар жылы қораға енгізілді. Суықта тоңбас үшін оларға арнайы дәрумендер берілуде.

Зайнетдин
Шамшиев, Өскемен хайуанаттар бағының меңгерушісі:

Жануарлардың қораларын жылыттық. 20 күн ішінде түйеқұстарға арнап жылы орындар салдық. Сонда қамап отырмыз. Күйлері жақсы, аяздан қорқыныш жоқ. Қыста түлеп, қалыптарына келіп алды.

Хайуанаттар бағындағы аюлар жабайы аю секілді қысқы ұйқыға жатпайды. Сондықтан, оларға нәрлі тағаммен бірге түрлі дәрумендер берілді. Ал, түйе, марал сынды суыққа үйренген жануарлар аяздан сескенбейді.

Айта кетейік, Өскеменнің хайуанаттар бағына қысқы уақытта келушілердің саны анағұрлым арта түседі.

Қанат ОРАЛБЕК