Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ҚХА XXIV сессиясы өтті

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2016
  • 2354

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Ал жалған ақпарат таратып, ел ішінде дүрбелең туғызған арандатушыларды әшкерелеп, заңға сай жазалау керек. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-ші сессиясында Президент осылай деді. Мемлекет басшысы халықтың мәселеге бей-жай қарамағанына қуанышын жасырмады. Бірақ уайымдауға негіз жоқ деді. Ал білім беру саласындағы өзгерістерге қатысты халық пікірімен санасуға кеңес берді. Толығырақ Ассамблея отырысынан әріптесім Ләйлә Қазиақпарова баяндайды. 

Ләйлә Қазиақпарова, тілші:

Араға бір ай уақыт салып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Бейбітшілік және Келісім» сарайында қайта жиналды. Естеріңізде болар, 21 наурыз күні Ассамблея 23-ші кезектен тыс сессия өткізіп, өз араларынан Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаған болатын. Ал, бүгінгі сессия Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт»  атты күн тәртібімен ашылып отыр. 

Сессия жұмысын ашқан Елбасы бірден әлеумет арасында резонанс тудырған мәселелерге тоқталды. Олардың бірі - орта мектептерде 5 күндік оқу жүйесін енгізу мен 3 тілді оқытуға ауысу. Нұрсұлтан Назарбаев осы тұста шикіліктер көп екенін айтып, жауапты шенеуніктерді сөкті. Кез-келген жаңашылдықты, былайша айтқанда, инновацияны енгізбес бұрын әлеуметпен санасу керек деп қатаң ескертті. Әсіресе, осы іспетті нәзік сұрақта ұстаздар пікірі ескерілмегеніне шүйлікті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Переход на пятидневку, трехязычное обучение. Что это такое? Кто объяснил, рассказал людям? Что за этим идет? Министерство образования, школы все на местах, там есть учителя, сначала с учителями надо обсудить этот вопрос. Я, например, в принципе, считаю, правильно, наши дети ужасно загружены. 5-дневку надо делать не за счет сокращения чего-то, но, например, қазақ тілі мен әдебиеті, можно один предмет сделать? Литература и грамматика русского языка, история, география, мы детям пичкаем ужасно много, такого нет в мире. То есть это надо изучить еще, с людьми надо посоветоваться. Это нужно для того, чтобы повысить качество образования. И все должно приниматься после тщательного обсуждения и рассмотрения. Школьный вопрос касается каждой семьи, каждого из нас, поэтому все позиции должны быть услышаны, непродуманные эксперименты недопустимы.

Бұқараның даурыққаны шенеуніктердің түсіндіру жұмыстарын әлсіз жүргізуінен деп түйді Президент.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Түсіндіріп жатырмыз, мен сөйлеп жатырмын күнде. Оны өздеріңіз білесіздер, кеше ғана СЦК-да сөйледім, ертең барып халықпен  кездесіп, түсіндіріп беремін дұрыстап, мамандарымыз да шығып барлығын түсіндіріп береді.

Жер мәселесі де ұмыт қалмады. Бұл ретте Президент халық арасында алыпқашпа әңгіме өріп жүргенін айтып, сабыр сақтауға шақырды. «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп қадап айтты. Ал арандатушылар қатаң жазаланады деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстанның 14 мың шақырым шекарасын шегелеу үшін мен 8 жыл келіссөз жүргіздім. Әр жерде, әр адамдарменен, әр басшыларменен. Жер туралы кодекс ауыл шаруашылығын айналып жүрген шаруақор ағайынға жеңілдік жасауды көздеп отыр. Олар жердің қожасы болса, жерді қадірлейді, күтеді. Вопрос же в том, чтобы сегодняшним нашим фермерам, аграриям дать возможность иметь собственность и землю. И потом мы сказали, что аренда была 10 лет, за 10 лет никто не может возвратить свои деньги, особенно иностранные инвесторы, поэтому мы продлили на 25 лет, в России - 49 лет, в Эмиратах - 99 лет, в Европе тоже - 49, 50, 99. Что в этом такого увидели? Причем шумят не те, кто с трактора слезли и прибежали, или чабаны слезли и прибежали на площадь, которые понятия не имеют о сельском хозяйстве. И не знают, где эти земли вообще находятся. У нас за это отвечает министерство экономики, Досаев здесь? Вот он министр должен разъяснять.

Президент пәрменін алған министр, айтылған сөз жерде қалмайды деп, уәде берді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біз ауқымды түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Облыс, қала аудан әкімдерімен бірлесіп, халықты толғандырған сұрақтарға жауап береміз.

Олқылықтарды жіпке тізген Президент «Ашық үкімет» жобасы ақсап тұр деген байлам жасады. Осы ретте жаңа заңдар мен кодекс нормаларын бұқара алдында түсіндіру жұмыстарына Ассамблея мүшелері, «Нұр Отан» партиясының депутаттары да міндеттелуі керек деді. Бүгінгідей күрделі геосаяси кезеңде ауызбіршіліктің маңызын бірнеше қайтара айтты. Бастысы  ұлт емес, азаматтық, - деді. 

Сессия қорытындысы бойынша Ассамблея мүшелері «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдады. Әдеттегідей, Ассамблея мүшелеріне сөз берілді. Мінберге Bek Air әуе компаниясының ұшқышы Дмитрий Родин шыққанда, зал шапалақ соғып, құрмет көрсетті.

Сейчас все хотят услышать, как это было. Потом выступление.  - По телевизору все показали. -Страшновато хоть было? - У меня не было времени бояться.

Жүрек жұтқан ұшқыштан соң сахнаға жүрек ауыстырған азамат шықты. «Өнер тынысы» қоғамдық ұйымының төрағасы Жәнібек Оспанов өзі қазақ болғанымен, кеудесінде ұлты орыс донор әйелдің жүрегі соққанын мақтанышпен жеткізді. Ол өмір сүруіне мүмкіндік берген донордың балалары мен елде трансплантация жасауға жағдай туғызғаны үшін Елбасыға алғысын білдірді. 

24-ші сессия соңында жыл сайынғы дәстүр бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл лауазымға белорус және өзбек диаспорасының өкілдері Леонид Питаленко мен Розақұл Халмурадов тағайындалды. Ал барша қазақстандықтарды бірлікке шақырған президент алдағы мереке -  Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА