Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйлық кәсіпкерді өлтірген екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 1073

Рудныйлық кәсіпкерді қасақана өлтірген екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, Евгений Антоненко өткен жылы желтоқсанның үші күні із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Кейін оның өлі денесі Рудный шаһарының маңындағы шағын тоғайдан табылды.

Тергеу органдары осы қылмыстық іске қатысы бар екі азаматты қамауға алған. Қала тұрғындары Панфилов пен Яременкоға қару сақтады және қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр. Ал кәсіпкерді қасақана өлтірген күдіктілер Демьянов пен Ковешниковке халықаралық іздеу салынды. Бұл іске қатысы бар тағы бір Рудный қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Айыпталушылардың кәсіпкерді не үшін өлтіргені анықталып жатыр, - дейді облыстық прокуратура өкілдері.

Нұрбол Әбдірахманов, Қостанай облыстық прокуратурасының өкілі:

Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органымен Демьянов пен Ковешниковке қатысты ҚР 96-бабы 2-бөлігі «Б», «Ж» тармақтары бойынша, яғни алдына ала топтың сөз байласуымен қасақана адам ұрлау және кісі өлтіру фактісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Сонымен қатар, аталған тұлғаларға қатысты сотпен қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы таңдалынып алынды.

Заңғар САНАЙ