Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда «Қазпошта» бөлімшесінен 10 млн теңге ұрлағандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 1190

Қостанайда «Қазпошта» бөлімшесінен қомақты қаражатты ұрлаған күдіктілер ұсталды. Еске салайық, қаңтар айында «Қазпошта»-ның Құсмұрын бөлімшесі ғимаратынан 10 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған болатын. Бұл қаражат зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерге арналған. Елді мекенде арнайы құрылған шұғыл-тергеу тобы үш аптаға жуық жұмыс істеп, қылмыстың бетін ашты.

Ұрлық жасағандар ауылдың 46 және 33 жастағы екі тұрғыны екені анықталды. Ауылдан ізін жасырып үлгерген күдіктірлерді полицейлер қаладағы жалдамалы пәтерде қолға түсірді. Оларды ұстау кезінде айғақ зат ретінде 2 миллион 7 жүз мың теңге тәркіленген. Қалған қаражатты күдіктілер жұмсап жіберіпті.

Ербол Дербесов, Қостанай облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

Киім-кешек, спорттық костюм секілді ұсақ-түйек заттар сатып алған. Автокөлік немесе басқа да көзге түсетіндей қымбат зат алды ма, жоқ па, оны қазір айта алмаймын. Тергеу амалдары анықтайтын болады.

Заңғар САНАЙ