Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыдағы «Бесоба»-ның жермен жексен болуына кінәлі тұлғалар 230 млн теңге айыппұл төлейтін болды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 1258

Бесобаның жермен жексен болуына кінәлі тұлғалар 230 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Қарағандының бірқатар экс-шенділері мемлекетке келтірілген залалдың орнын осылайша толтыруға міндеттелді. Облыстық соттың апелляциялық алқасы «Бесоба» тұрғын кешенін салуда кемшілікке жол берген төрт экс-шенеунікке қатысты шешім шығарды.

Апелляциялық алқа төрағасының айтуынша, бұл адамдар сол тұста қабылдау комиссиясының төрағалары және орынбасары қызметін атқарған. Өз міндетін дұрыс орындамаған шенеуніктер толық тексерілмеген және дайын емес нысанды қабылдап алған.

Айта кетейік, 2012 жылы 1-сәуірде «Бесоба» кешеніндегі тұрғын үйдің іргетасынан саңылау пайда болады. 2-сәуір күні тұрғындар шұғыл тәртіпте эвакуацияланған. 6-сәуір күні үйдің 5-8 подъездері қирады. Бірнеше пәтердің тұрғыны баспанасыз қалған.

Раушан Серғазина, Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Облыстық соттың апелляциялық алқасы лауазымды тұлғалар өздері жіберген кемшіліктердің өтеуі ретінде тиісті жазасын алуы керек деп шешті.

Абзал ҚҰРМАНКИН