Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинада Жоғарғы Рада ел конституциясын қорғап қалды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 710

Украинада Жоғарғы Рада ел конституциясын қорғап қалды. Оппозиция Виктор Януковичтың уәкілеттілігін қысқарта алмады. Билік формасы да сол қалпында қалды. Виктор Янукович қарсыластары елдің 2004 жылғы ата заңын қайта қабылдауға талпынғанымен, парламент жақтамады. Ал аймақтар партиясы тіпті конституция жөніндегі сұрақтарды талқылайтын арнайы комиссия құру керектігін айтты.

Ал Майдан жетекшілері билік шешіміне наразы. Сөздеріне сенсек, парламентті-президенттік басқару формасы қайтып келмейінше, елдегі берекесіздік жалғаса бермек. Жоғарғы Рада шешімі Еуропаның бірқатар елдері тарапынан наразылық туғызды. Мысалы, Германия Украинаға қарсы санкция енгізуді көздеп отыр. 


Әлия ӘШІМ