Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде бір сотталушыны асырауға айына 57 мың теңге жұмсалады

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2014
  • 1336

Елімізде бір сотталушыны асырауға айына 57 мың теңге жұмсалады. Ал бұл - бір сарбаздың күтіміне кететін шығыннан әлдейқайда көп. Сондықтан депутаттар жазасын өтеушілерді бюджет қаржысына асырауды доғару керек дейді. Бұл ұсыныстарын халық қалаулылары Мәжілістің жалпы отырысында Қылмыстық-атқару кодексінің жобасын таныстарған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа айтты.

Депутат Тұрсынбек Өмірзақовтың айтуынша, Қазақстан түрмелеріндегі сотталушылардың тек 15 пайызы ғана жұмыс істейді. Ал қалған 80 пайызын Үкімет асырап отыр. Биылдың өзінде бір сотталушыға бір жылға жеті жүз мың теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Сондықтан депутат бұл соманы азайту керек дейді. 


Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:


2014 жылға бір жазасын өтеушіге 687 мың теңге қарастырылған. Тамақтың түрлері де кеңейе түсті. Күнделікті ас мәзіріне ірімшік, қаймақ, шұжық өнімдері, шырын мен жеміс-жидек, кофе енгізілді. 


Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


Пенсионерлердің зейнетақысын алыңдаршы, минимальная потребительская корзина дейді ғой, соны салыстырыңдаршы. Неге бостандықта, тәуелсіздіктегі адамның өмірі сондай жаман? Ал неге Үкімет түрмедегі адамдарға сонша ақша бөледі. Неге олар сол жерде жатыр, арам тамақтанып, біздің ақшамызды неге солар жейді? Олар өздері жұмыс істесін?


Кодекс жобасы жаза өтеушілер құқықтарын сақтап, қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бостандыққа шыққандарды әлеуметтік бейімдеп, қылмысты қайталамауы үшін көмек шараларын қарастырады. 


Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері, "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі:


Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциясында ұсынылған механизмдер қылмыс үшін белгіленетін жазаны әділ қылуға бағыттылуы тиіс. Сонымен қатар сотталғандардың құқын бұзбауы керек. Әлемдік тәжірибе сондай. Екінші оқылымға да бізге осындай ұтымды шешіммен келгеніміз дұрыс. 


Айгүл ӘДЕПБАЙ