Шымкентте ұрылар Алла үйіне ауыз сала бастады. Полицейлердің қолына түскен
18 жастағы күдікті мешітке келгендерді үптеп отырған. Оның қолға түсуіне
жергілікті тұрғындардың арыз-шағымы себеп болған. Құқық қорғаушылардың құрығына
іліккен күдікті еш жерде жұмыс істемейді. Қоғамдық орындарда азаматтардың
қалтасына қол жүгіртіп, ақша, ұялы телефон сынды бағалы заттарды әкетуге
машықтанған.
Баукеспе қазір қылмысын мойындап отыр. Кезекті бір жорығында ол
әлдебір азаматтың қалтасынан 300 мың теңгені суырып, ізін жасырған. Бір айта
кетерлігі, бұрын сотты болмаған жігіт қолхатпен бостандыққа жіберілді. Қазір
оның өзгелерге келтірген материалдық шығын көлемі анықталуда.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ