Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында із-түссіз жоғалған ұлттық саябақ қызметкерінің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1282

Павлодар облысында із-түссiз кеткен Баянауыл ұлттық табиғи паркiнiң қызметкерi Қуандық Әбукеновтiң мәйiтi табылды.

Іздестіру шаралары барысында орманшының мәйіті Жаңатiлек ауылынан 18 шақырым тұста табылған. Парк қызметкерлерi оның тұлғасын анықтады. Киiмiнде жеке құжаттары да бар болып шықты.

Әзірге, Қуандық Әбукеновтің өлiмiне не себеп болғаны белгісіз. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді.

Еске саламыз, Ұлттық саябақтың ғылым, туризм және ағарту бөлiмiнiң бастығы Әбукенов 20 қаңтар күнi Мұрынтал учаскесiнде жоспарлы жұмыстар атқарып жүрген болатын. Жаңатiлекте қонуға қалған. Үйден түнгi сағат үштер шамасында шығып кетіп, сол күйі жоғалған еді.

Илхам ИБРАГИМ