Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұмыстан қысқарған Лондон метрополитенінің қызметкерлері жаппай бас көтерді

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1753

Лондон метрополитені қызметкерлерінің наразылық акциясы тоқтайтын емес. Олар 950 жұмыс орнының қысқартылып, билет кассаларының жаппай жабылып қалғанына наразы.

Метро басшылығы қысқартуға қаржыны үнемдеу үшін барыпты. 950 жұмыс орны жойылса, метро жыл сайын 50 миллион фунт стерлингті үнемдемек, сондай-ақ, бұл қомақты қаржы құрылғыларды модернизациялау үшін қажет.

Дегенмен, метро басшылығының бұл әрекеті лондондықтардың да көңілінен шықпай тұр. Бекеттердің басым бөлігі жабық тұрғандықтан, қаладағы миллионға жуық жолаушы кезекпен жүріп-тұруға мәжбүр. Жаппай шеру болған күндері Лондонда 100 автобус уақытша іске қосылды.

Айта кетейік, Ұлыбритания астанасында болған көтеріліс қаланың сәнін бұзып, көптеген кедергі туындатты. Кәсіподақ мүшелері, егер әкімшілік олардың сөзіне құлақ аспаса, екі күнге созылатын шеруді 11-ақпанда қайтадан бастауға сөз берді.

Сымбат МОЛДАТАЙ