Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық ардагерлер енді коммуналдық ақыларды төлемейді

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1251

Қарағандылық соғыс ардагерлері коммуналдық төлемдерден босатылды. Алдағы наурыз айынан бастап облыстағы барлық соғыс ардагерлері мен мүгедектері газ, су, жарық және басқа да коммуналдық қызметтер үшін бір тиын да төлемейді. Бұл туралы өңір әкімі мәлімдеді.

Бауыржан Әбдішев қарттарды бұл төлемдерден босату туралы шешім шығарылғанын хабарлады.

Айта өтейік, бүгінде аймақта 478 ҰОС ардагерлері мен мүгедектері тұрады.

Илхам ИБРАГИМ