Русский Сайттың толық нұсқасы

Сбербанк пен ВТБ банктің клиенттері JP Morgan арқылы төлем операцияларын жүргізе алмайтын болды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1093

Сбербанк пен ВТБ банктің клиенттері JP Morgan арқылы төлем операцияларын жүргізе алмайтын болды. Американдық алпауыт қаржы институты осылайша ресей банктерінің тынысын тарылтып отыр. Бұл жайында "Коммерсант" басылымы ақпар таратты. Десе де аталмыш банктермен JP Morgan-ның өзі есеп айырысу жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

Белгілі болғандай, Америка банкі ВТБ мен Сбербанкті қаржылық қитұрқылық жүргізуде деп айыптап, қатаң бақылауына алды. JP Morgan-ның Ресейдегі бөлімшесі әзірге қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА