Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысында болды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2014
  • 942

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы шағын және орта кәсіп иелерін сынға алды. Белсенділік төмен деген Мемлекет басшысы мұнай мен газ өндірісінің үлесін алып тастағандағы көрсеткіш көңіл көншітпейді деді. Жұмыс сапарымен Атырау облысына барған Мемлекет басшысы 720 оқушыға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінде болды. Білім бағдарламасымен танысып, қоғамдық ұйым өкілдерімен аймақтың дамуы, Жолдаудағы "Мәңгілік ел" идеясы туралы әңгімелесті.

Мұнан соң "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ароматикалық көмірсутектер шығару» және «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені» жобаларының құрылысын аралады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Атырау облысында ірі өнеркәсіп жеткілікті. Мұнай газ өндірісін алып тастасақ, шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесі өте аз. Ол үшін барлық жағдай жасап отырмыз. Микрокредит алып отыр селолық кәсіпкерлер, оқытып жатырмыз. Бизнесмендер үшін арнайы бағдарламалар бар, пайыздық үлесі де төмендетілген. Заңнамалық тұрғыдан да жеңілдіктер жасалуда. Тағы не істеу керек маған айтыңдаршы. Еліміз бойынша шағын бизнес экономиканың елу пайызына жету керек дедім. Республикада жиырма - жиырма бес пайыз. Ал облыста он үш пайыз.

Базаргүл ІЗІМОВА