Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания азаматы Барох Питердің ісіне қатысты дау әлі жалғасуда

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2014
  • 1178

Өрімдей қыздарды азғырып, арсыз әрекетке барған Ұлыбритания азаматы Барох Питердің ісіне қатысты дау әлі басылар емес. Бүгін Орал қалалық прокуратурасы шетелдікке қатысты сот шешімін негізсіз деп тапты.

Естеріңізге салайық, 14 қаңтарда Оралдағы "Шағала" қонақ үйінде ұсталған шетелдіктің бөлмесінен кәмелет жасына толмаған қыздардың жалаңаш суреттері табылған. Полицияның мәліметінше, Барох Питер оларды алдап, фото және бейнекамераға түсіріп алған. Кейін қылмысын жасыру үшін материалдарды жойып жібермек болады. Әйтсе де бүлінбей аман қалған суреттердің бірінен оның өрімдей қыздарға әуестігін дәлелдейтін жазба табылды.

Ал Барох Питердің қорғаушысы қылмыстық істің негізсіз қозғалғанын, полицияның айғақ заттарды заңсыз жолмен алғанын мәлімдеді. Сот шетелдіктің шағымын қанағаттандырған. Дегенмен бұл шешімге прокуратура қарсы.


Ерлан Мұхтаров, Орал қалалық прокурорының аға көмекшісі:


Ұлыбритания азаматы Барох Питердің қорғаушысының өтініші қанағаттандырылған болатын. Соған байланысты Орал қалалық прокуратурамен жеке наразылық келтірілген болатын. Жақын күндері облыстық сотта наразылық қаралатын болады.


Порнографиялық материалдарды түсірді деген айыппен Барох Питердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір шетелдіктің шырмауына түскен 6 қыздың әке-шешесі полицияға арыз түсірген. Олардың үшеуі Оралдың, өзгелері Атырау қаласының тұрғындары екені анықталды.


Еркін ҚАРИН