Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та қарлы боран

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2014
  • 1047

АҚШ-та ақ түтек боран салдарынан миллиондаған адам жарықсыз қалды.

Күн-райының күрт бұзылуынан, әсіресе Пенсильвания, Нью-Джерси мен Мэриленд аймақтары зардап шекті. Пенсильвания губернаторы Том Корбетт штатта төтенше жағдай жариялады. Бораннан келген қиындықтарды жоюға жедел қызмет түгелдей жұмылдырылды. Соңғы тәулікте АҚШ-тың солтүстік-шығысында 25 сантиметр қар түскен.

Синоптиктер демалыс күндер де жауын-шашынды болады деп болжауда. Биыл, АҚШ-та қыс шынымен қаһарлы болды. Көптеген аймақтардағы үскірік аяздар біраз жылдан бергі рекордтарды жаңартты.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА