Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан - «Қазақ елі» деп аталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2014
  • 1925

Қазақстанның ресми атауы - «Қазақ елі» болып өзгеруі мүмкін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына барған сапарында республикамыздың ресми атауы өзгеруі мүмкін екенін айтты.

«Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты «стан» деген жалғау бар. Сонымен, бір мезгілде, шетелдіктер небәрі екі миллионды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, бірақ оның атауында «стан» жалғауы жоқ. Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар», - деді Президент. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн екенін де айтты.

Илхам ИБРАГИМ