«Казкоммерц» пен БТА банкі қосылады.
Кәсіпкер Кеңес Рақышев «Самұрық-Қазына» қорынан
БТА банкінің акцияларын сатып алу туралы келісімдерді аяқтады.
Енді екі банктің бірігу процедуралары
жүрмек. «Казкоммерцбанк» сатып алатын БТА банкінің 46,5% акциясы шамамен, 72 миллиард теңгеден асса, 100% акциясы 1 миллиард долларға тең. «Казкоммерцбанк» әзірше сатып алатын
акцияларының тек жарты ақшасын төлейді. Ал, қалған соммасын 2017 жылдың
1-шілдесіне дейін төлеуі тиіс.
Сондай-ақ, хабарламада «Самұрық-Қазына»
БТА банкінің қалған 4,26% акциясын «Казкоммерцбанкке» өткізетіндігі жазылған. Сол арқылы «Самұрық-Қазына» «Казкоммерцбанк»-тің акционері атанбақ.
Досжан ҚАЛИЕВ