Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық контрабандашылар Бішкекте ұсталды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2014
  • 1028

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстанның 2 азаматы Бішкекте қолға түсті. Мәлібаев пен Боғаев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, контрабандамен айналысқан деп айыпталған. Қырғызстан ішкі істер министрлігі жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде олар Бішкектегі жалдамалы пәтерде құрықталды. Бұл жөнінде «Қазақпарат» хабарлайды.

Күдіктілер Қазақстанның мемлекеттік органдары және жеке тұлғалармен сыбайласып, құрамында 50 адам бар қылмыстық топ құрған. Олар 2007-2011 жылдары Қазақстанға аса ірі көлемде контрабандалық тауар тасыған жүк көліктерінің кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз еткен.

Осылайша, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млн теңге көлемінде залал келтірген. 2011 жылдың мамырында Мәлібаев пен Боғаевқа Интерпол желісі арқылы мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған-тын.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА