Астанадағы пәтер бағасы инфляция
деңгейінен асып барады. Қаңтарда баспана құнының орташа деңгейі - шаршы метріне
2 123 долларды құраған. Бұл, шамамен 327 мың 900 теңге, деп хабарлайды
Forbes.kz.
Өткен айға қарағанда, әрбір шаршы метр
- 23 долларға немесе 1,1%-ға қымбаттаған. Қаладағы ең қымбат тұрғын үй
кешендерінде баға орташа есеппен шаршы метріне 3500-5500 АҚШ доллары арасында.
Айта өтейік, Статистика агенттігінің деректері бойынша
Астанада орташа жалақы 156 814 теңге. Демек, 30 шаршы метрлік эконом
санатындағы пәтерді алу үшін 7 жыл 4 ай бойы қаржы жинау қажет.
Ал, әкімшілік және көмекші қызмет
көрсету саласының қызметкерлері элиталы пәтерге қол жеткізу үшін 26 жыл 7 ай
бойы ақша жинайды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА