Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ арнайы жасақтары жасырын антитеррорлық операциялар өткізуде

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2014
  • 646

Америкалық арнайы бөлім өкілдері Ливияның оңтүстігінде антитеррорлық операциялар жасауда! «Дельта» тобының мүшелері көшпелі араб халқы, яғни бәдәуилер сынды киініп елге енген. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы француздың Le figaro-сына сілтеме жасай хабарлады.

Топ мүшелерінің мақсаты осыдан бір жыл бұрын француздар Малидің солтүстінен ығыстырған «Аль-Каида» тобын Ливиядан ығыстыру. Ал мамандар болса, арнайы операцияға жасақталған америкалық топқа уақыт өте келе британдық және француздық жасақтар қосылуы мүмкін деп отыр.

Кей ақпараттар көздерінің хабарлауынша, Батыстан көмекті Ливия үкіметінің өзі сұраған. Тіпті, сол үшін Триполи 4 миллион доллар қаржы бөлген деген ақпарат келтірілген.

Әлия ӘШІМ