Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбританияда су деңгейі рекордты көрсеткішке көтерілді

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2014
  • 1056

Ұлыбритания су астында қалды. Тоқтаусыз жауған нөсер мен сел салдарынан елдің оңтүстік-батысындағы ондаған үй қызыл су құрсауына түсіп, жүзге жуық тұрғын жарықсыз қалды.

Халықтың өмірін құтқаруға арнайы құтқарушылармен қатар патша әскері жұмылдырылды. Теңіз жаяу әскері құм толтырылған қап, бөгеттер арқылы ағын суды тұрғын үйлерге жібермеуге тырысып жатыр. Синоптиктер демалыс күндері аймақтағы сел мен жел қарқыны күшейетінін болжап отыр. Осы уақытта Англия мен Испания жағасын теңіз толқыны шайып кетті. Қатты қарқынмен аққан су теңізге жақын орналасқан ғимараттарды қиратып жатыр.

Ал Боливиядағы көшкін кесірінен 40 мыңға жуық адам апат ортасында қалды. 17 мың гектар егін алқабы жарамсыз қалды. Апат ошақтарында төтенше жағдай жарияланғанымен, құтқарушылар зардап шеккен ауылдарға жете алмай жатыр.