Қызылорда қаласынын іргесінде орналасқан Қалғандария ауылының 30 отбасы үшін Сырдария өзенінің үсті қалаға барар жалғыз төте жол. Мұз үстімен өтемін деп былтыр 35 адам қаза болған. Арасында балалар да бар. Төте жолдың машақатына аймақтағы тілшіміз куә болып қайтты.
Қалғандария ауылы мен қаланың арасын жалғап жатқан 1 шақырымға жетер-жетпес
жалғыз жолдың сиқы мынау. Мұнда автобус қатынамайды. 30 шақты түтіні бар ауыл
тұрғындары қалаға жазда қайықпен, қыста жаяу жалпы барып қайтуға мәжбүр. Ал асыққандары қазір мынадай таксиге отыруға жүрексінбейді.
Ерсейіт Бекішев, Қалғандария ауылының тұрғыны:
Тіршілігіміз сол қалада ғой барлығымыздың, сол жақтан азық-түлікаламыз, амал
жоқ, сол жақтан тасимыз. Сосын айналу біраз жер, көлік жүрмейді бұл жаққа.
Бірақ қауіпті жолдың ақысын ешкім айтқысы жоқ. Ал жазда көл үстімен қайық
жүреді. Айтуларынша, ондағы орын құны 100 теңге. Бір қайық 10
адамды көтерді. Қайықтар екі арада күн суығанша жүрсе, көлде мұз қатқанша, ауыл
тұрғындары айналма жолмен жүруге мәжбүр. 20 шықырымды құрайтын айналма жол жаяу
жүргіншілерді әбден титықтататын көрінеді. Дегенмен қазірдің өзінде мұзбен жүру
қауіпті. Оның қалыңдығы кей жерлерде тек 15-20 сантиметр ғана. Осыны алға
тартқан құтқарушылардын ескертулеріне құлақ асқан халық жоқ.
Света Бәкірова, Қалғандария ауылының тұрғыны:
Жол жоқ қой, жол болса машинамен, таксимен жүрмеймін бе? Жолым болмаған соң
жүремін Дарияның үстіменен. Мұз қалт-қалт ана жері тесіліп жатқанда, сендер
ойбайлап тұрғанда, біз өтіп жатамыз ғой. Сол амалдың жоғынан өтесін. Үйіне
тамақ керек - өтесің, ішіп-жем, өліп қалмас үшін.
Өткен жылы осы Сырдария көлі отыз бес адамның өмірін қиды. Алтауы мұздың
астына кетсе, соның үшеуі - бала. Деседе балалар мұз үстінде ойын ойнайды.
Арыстан Алмашев, Қызылорда облысы ТЖД судан құтқару
қызметі ММ басшысы:
Қаншама ескерту жасалғанымен, айналып жүру оларға қиындық тұғызады деп
жатады. Сонда да мұздың қалыңдығын, ауа-райы жылынатын кезінде мұздың
астында қатты ағыс болғаннан кейін, мұздың жұқаратынын ескеріп жатпайды. Сол
себептен өздерінің өміріне қауіп төндіріп жатады.
Жергілікті атқамінелер мәселеге қанық. Олар ауыл халқына арнайы көпір
салуды жоспарлап отыр.
Асқар Әділбеков, Ақжарма ауылдық округінің әкімі:
Ғани Мұратбаев көшесі бойыменен Сырдария өзенінің сол жағалауын қамтамасыз
ету мақсатында көпір салу жоспарлануда. Бұл көпірдің жобалық-сметалық құжаты
дайын, бүгінгі таңда 63 миллион 600 мың теңгеге жасалып, құны 9 миллиард 975
миллионды құрайтын көпірдің сметалық құжаты дайын.
Құжат бар, қаражат есептелді. Оған қажетті ақша осы жылы ел қазынасынан
беріледі деген сенім басым. Бірақ көпір салынып, ол ел игілігіне берілгенше,
ауыл халқы қиямет болған мұз үстімен өтуіне тура келеді.
Шарипа САҚТАПОВА