Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет тұтыну тауарлары бағасының шарықтап кетуіне жол бермеуді қарастыруда

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2014
  • 1002

Бүгін Үкімет шұғыл бас қосты. Тапсырма - тұрмыстық тұтыну тауарлары бағасының шарықтап кетуіне жол бермеу. Министрлермен қатар, облыс әкімдері де бағаны қалай бағындырамыз деп бас қатырды. Аймақ басшылары өңірлердегі жағдайды тізгінде ұстау үшін шұғыл әрекет ету топтары құрылып жатқанын айтады. Баға саясатының кері әсерін халыққа тигізбеудің барлық шарасы қолданылмақ.

Ең алдымен азық-түлік қымбаттамауы тиіс. "Ол үшін тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік қорын пайдаланамыз",- деді жауапты тұлғалар. Премьер-министр жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен әлеуметтік төлемдердің мезгілінде төленіп тұруына зор көңіл бөліну керектігін атап өтті. Ал бағаны қолдан көтеріп, жасанды қымбатшылыққа жол берген жанар-жағармай құю станциялары мен валюта айырбастау орталықтары жауапқа тартылмақ. Дегенмен, Серік Ахметов ұлттық валюта курсының өзгеруі тиісті шара екенін атап өтті. 

 

Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:

 

Әкімдерге халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар жедел әрекет ету топтарын құрып, бағаны ұстау қажет. Тұрақтандыру қорларындағы ресурсты қолданып сауда ортылықтарының, дүкендердің әрекетін бақылап, бағаны қолдан өсіруге жол бермеуді тапсырамын.

 

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:

 

Бензин бағасы бұрынғы қалпына түседі ме? - Қай бұрынғы қалпына?  -Енді 115 қайтадан бола ма? - Ол солай болу керек деп Премьер жаңа өзі айтты. - Сіздер түсіре аласыздар ма? - Түсіруіміз керек!

 

Айгүл ӘДЕПБАЙ