Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Украинаға қарсы санкция енгізетін болды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1073

Америка Конгрессі Украинаға қарсы санкция енгізетін болды. Жақында палата өкілдері Майдандағы бейбіт тұрғындарға қарсы күш қолданғандарға қатысты санкцияны қабылдап жіберді.

Вашингтонның оларға қарсы нақ қандай шаралар қолданаты әзірге белгісіз. Бірер уақыт бұрын шектеу тек билік өкілдеріне ғана емес, оппозиция тарапына да қолданылатыны айтылған. Бірақ әзірге Конгресс мұны нақтыламады.

Ал Еуроодақ санкция жайында бір ымыраға келмеді. Десе де сыртқы істер министрлері кеңесінде Украинадағы жағдай ушықса, шектеу шараларын қолға алатындығы атап айтылды.

Айта кетейік, Киевке қарсы санкция жайын жақында ғана Германияның сыртқы істер министрі қозғаған.

Тьер Репентин, Францияның Еуроодақ жөніндегі сыртқы істер министрі:

Ешкім жуық арадағы жалпы санкция туралы жақ ашпады. Егер жағдай ушықса, іріктеп санкция енгіземіз дегенбіз. Қазір бұған әлі ертерек. Себебі, санкцияға бағытталған сала өкілдері біраз шектеледі.

Әлия ӘШІМ