Бас банкир доллардың қымбаттайтынын алты ай бұрын білген. Ол мұны Астанада өткен брифингте мойындады. Құпия ақпаратты тағы кімдердің білгенін де айтып берді. Сыртқы экономикалық жағдайлар Ұлттық банкті осындай шешім қабылдауға мәжбүрлеген. Кешеден бері қалыптасқан көк қағаз бағамы алдағы бес жылдықта сақталады деп сендірді. Ал ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып қалғысы келетін валюта айырбастау пункттерінің қалай жазаланатыны да белгілі болды. Тақырыпты Мөлдір Бақытқызы тарқатады.
Тілшілердің алдына бума-бума парақтарын арқалап жеткен "бас банкир" қандай сұраққа да төтеп беретін секілді. Бір емес, бірнеше рет теңгенің арзандайтынын жоққа шығарған Келімбетовке сауалдың қарша борауы қисынды секілді.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Если вы хотели бы, чтобы я сказал, "ой, точно через дня три примем такое
решение." То началась бы массовая конвертация депозитов в тенге юридических и
физических лиц. И мы получили бы коллапс финсистемы. Как считаете, я был должен
был прийти, "будет девальвация, ой завтра барлығымыз құримыз, енді не
болады? Қалай тіршілік етеміз?" Такое я не должен был говорить. Поскольку
отвечаю. Меня назначили для того, чтобы за спокойствие, в том числе за
состояние в платежной системе, финансовой.
Доллардың күрт қымбаттауы алдын ала болжанған, оны іске асыру үшін, ыңғайлы
уақыт та белгіленген. Күні кеше аң-таң болғандар бұл жайтты жарты жыл бұрын
жоспарлап қойыпты. Ол туралы санаулы адамдар білген. Қайрат Келімбетов құпия
операцияның жұртқа жария болып кетпей, ойдағыдай іске асқанына дән риза.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Решение о переходе к новому коридору валютной политики разрабатывалась в
течение 6 месяцев. Мы внесли поправки. Я
и четыре моих зама, так же входили два представителя Правительства и еще один
представитель АП.
Бұдан былай Ұлттық банк бір доллар бағасын 185 теңге төңірегінде ұстап
тұрмақ.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
К сожалению, провокаторы говорят о том, что не верьте - будет еще одна
девальвация. Многие обменники вчера задали цены до 200-215. Никакой повторной
девальвации не будет.
Ал кешеден бері доллар бағасын асыра сілтеп,пайдаға кенелуді көздеген
айырбас пункттері қатаң жазаланбақ. Бас банкир мұндайларды мүлдем жауып
тастауға бекініп отыр.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ