Шығыс қазақстандықтар азық-түлік бағасына қатысты ғаламтор желісі арқылы да
арыз қалдыра алады. Жергілікті билік халыққа осындай мүмкіндік жасап отыр. Баға тұрақтылығын сақтау үшін құрылған комиссия қаржы айырбастарының
заңды түрде жүруі мен азық-түлік бағасының өспеуін қадағалайды. Тұрақтандыру
қорындағы тауарлардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпек.
Тұрғындар сауда
орындарында бағаның көтерілгенін байқаса, жергілікті биліктің ресми сайттарына
кіріп, арыз-шағым түсіре алады. Ет, сүт, жеміс-жидек, көкөніс сынды елімізде
өндірілетін тауар мен жанар-жағармай қымбаттамауға тиіс деп жергілікті билік
өкілдері қадап айтты. Шығыс Қазақстанның тұрақтандыру қорында сегіз жарым мың
тоннадан астам азық-түлік сақтаулы.
Нұрлыбек Шерубаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Тұрақтандыру қорында қанша көкөніс бар? Және қанша уақытқа жетеді? Мен жаңа айтып
кеттім. 6 мың тонна көкөніс бар. Бізге бір кварталға жетеді.
Қанат ОРАЛБЕК