Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеев 20 ақпанға дейін түрмеде отырады

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2014
  • 1039

Қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеев 20 ақпанға дейін түрмеде отырады. Ақмола гарнизонының әскери соты оны қамауға алу туралы санкция берді. Шенеунік 252 миллион теңге және 147 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Қылмысы дәлелін тапса, генерал-майор Майкеев 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


Аманкелді Жұлқайнаров, ҚР Әскери сотының баспасөз хатшысы:


ҚР Қорғаныс вице-министрі Майкеевті 2014 жылдың ақпанының 20 жұлдызына дейін қамауға алу бұлтартпас шарасын белгіледі. ҚР Қылмыстық кодекстің 311-бабымен 5-бөлімімен айыпталады. 


Сымбат МОЛДАТАЙ