Русский Сайттың толық нұсқасы

Джохар Царнаевқа қатысты сот отырысы ағымдағы жылдың қарашасына белгіленді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2014
  • 1006

Джохар Царнаевқа қатысты сот процесстері 2014 жылдың 3-ші қарашасынан басталады. Қорғаушылардың қарсылығына қарамастан, кеше Америка Құрама Штаттарының Федералдық судьясы О'Тул дәл осы мерзімді белгіледі. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды.

Царнаевтың қорғаушылары үдеріс басталғанға дейін сот оларға жеткілікті уақыт бермей отырғанын тілге тиек етті. Дегенмен, судья үшінші қараша әзірлік үшін «нақты және әділетті» мерзім деп атап өтті. Қорғаушы адвокаттар сот 2015 жылғы қарашадан бұрын басталмауы тиіс деп санайды. Джохар Царнаев пен оның, құрықтау операциясы кезінде қаза тапқан, ағасы Тамерлан Царнаев Бостон марафонында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы қойғаны үшін айыпталуда.

Сымбат МОЛДАТАЙ