«BI GROUP» алпауыт құрылыс
компаниясы тұрғын үй бағасын 10%-ға көтеріп жіберді. Алдағы бір жарым, екі
ай ішінде тағы он пайыздық қымбаттау күтіледі. Бұл туралы холдинг басшысы Айдын
Рахымбаев біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
Компания
жетекшісі баға көрсеткішін доллардың жаңа құнына сай есептеуге мәжбүр екенін
айтады. Айта кетерлігі, әзірге 185 емес, бір долларды 175 теңге көлемінде
есептеп отыр. Алайда бұл ұзаққа бармайды.
Айдын Рахымбаев, «BI GROUP»
холдингінің басшысы, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы:
1-2 ай ішінде көтеріледі деп
санаймын. 185-ке дейін көтеріледі деп санаймын. Себебі, көреміз, қарап отырмыз,
бензин бәрі қымбаттап жатыр. Бірнеше күн ішінде қымбаттау қандай болады, сондай
болады. 20% ішінде болатын шығар.
Айта кетерлігі, доллар бағамының
өсуіне дейін, яғни 11 ақпанға дейінгі жасалған келісімшарттар өзгеріссіз
қалады. Ал үй алмаққа енді бекінгендер, жаңа бағамен есеп айырысады. Шаршы
метрлердің қымбаттауына шетелден келетін құрылыс материалдары бағасының өсуі
әсер еткен. Жалғыз «BI GROUP» емес, өзге
компаниялар да шаршы метрлердің бағасына үстеме қосады. Құрылысшылар қауымдастығының
төрағасы қызметін қатар алып жүрген Айдын Рахымбаев мұны да атап өтті.
Айдын Рахымбаев, «BI GROUP»
холдингінің басшысы, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы:
Доллар бойынша шаршы метрлер
бағасы сол күйі қалды. Мәселен, шаршы метрі 1500 доллар болғанда, ол бұрынғыдай
225 теңге емес, 275 теңге болады. Яғни 20%-ға қымбаттайды.
Десе де 20%-дық қымбатшылықты
бірден еңсере алмағандарға бөліп төлеу жеңілдігі қарастырылуы мүмкін.
Сымбат МОЛДАТАЙ